1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР1.1. «TUV Thuringen Kazakhstan» ЖШС-дегі (бұдан әрі – Компания) дербес деректерді өңдеу саясаты (бұдан әрі – Саясат) дербес деректерді өңдеудің негізгі қағидаттарын, мақсаттарын, талаптары мен тәсілдерін, субъектілер мен өңделетін дербес деректердің тізбесін, Компанияның дербес деректерді өңдеу жөніндегі функцияларын, дербес деректер субъектілерінің құқықтарын, сондай-ақ Компания жүзеге асыратын дербес деректерді қорғау талаптарын айқындайды.
1.2. Осы Саясат Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң), өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әзірленген және Компаниямен азаматтық-құқықтық шарттың тарапы болып табылатын субъектіден не дербес деректер субъектісінің өкілінен, не Компаниямен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан заңды тұлғадан, Компаниямен еңбек қатынастарында тұрған дербес деректер субъектісінен, Компания кеңсесіне келушіден, сондай-ақ Компанияның интернет-сайттарына келушілерден және кез келген өзге де дербес деректер субъектілерінен алынуы мүмкін, Компанияда өңделетін барлық дербес деректерге қатысты қолданылады.
Саясат ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келеді және мынадай нормативтік құқықтық актілер негізінде жасалған:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» заңдары;
- Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы «Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы» № 395 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.
1.3. Компанияның осы Саясаты сондай-ақ Компанияның tuv-thuringen.kz веб-сайтына келушілер туралы Компания ала алатын барлық ақпаратқа қатысты қолданылады.
1.4. Осы Саясатта және Компанияның дербес деректерді өңдеу мәселелерін регламенттейтін өзге де жергілікті құқықтық актілері мен құжаттарында пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
- Биометриялық деректер – дербес деректер субъектісінің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын, солардың негізінде оның жеке басын анықтауға болатын дербес деректер;
- Дербес деректерді бұғаттау – дербес деректерді жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді және жоюды уақытша тоқтату жөніндегі іс-қимылдар;
- Дербес деректерді пайдалану – меншік иесінің, оператордың және үшінші тұлғаның қызмет мақсаттарын іске асыруға бағытталған дербес деректермен жасалатын іс-қимылдар;
- Кандидат (үміткер) – бос лауазымға үміткер жеке тұлға;
- Дербес деректерді жинақтау – дербес деректерді қамтитын базаға енгізу арқылы дербес деректерді жүйелеу жөніндегі іс-қимылдар;
- Дербес деректерді иесіздендіру – солардың нәтижесінде дербес деректердің дербес деректер субъектісіне тиесілілігін анықтау мүмкін болмайтын іс-қимылдар;
- Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-қимылдар;
- Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын, субъектінің келісімімен оларға қол жеткізу еркін болатын дербес деректер немесе мәліметтер;
- Дербес деректерді қамтитын базаның операторы (бұдан әрі – Оператор) – дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
- Дербес деректер – электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген, солардың негізінде белгіленген немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты мәліметтер;
- Дербес деректерді тарату – нәтижесінде дербес деректер берілетін, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де кез келген тәсілмен дербес деректерге қол жеткізу ұсынылатын іс-қимылдар;
- Дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-қимылдар;
- Дербес деректер субъектісі – дербес деректер қатысты болатын жеке тұлға;
- Дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау (беру) – дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беру;
- Дербес деректерді жою – солардың нәтижесінде дербес деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайтын іс-қимылдар;
- Дербес деректерді сақтау – дербес деректердің тұтастығын, құпиялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар.
2-ТАРАУ. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ2.1. Компания дербес деректер операторы бола отырып, Компания қызметкерлерінің және Компаниямен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де дербес деректер субъектілерінің дербес деректерін өңдеуді жүзеге асырады.
2.2. Компанияда дербес деректерді өңдеу қызметкерлердің және басқа да дербес деректер субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, оның ішінде жеке өміріне қол сұғылмаушылық, жеке және отбасылық құпияны сақтау құқығын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
- дербес деректерді өңдеу заңды және әділ негізде жүзеге асырылады;
- дербес деректерді өңдеу оларды өңдеудің мәлімделген мақсаттарына сәйкес келеді және мұндай өңдеудің барлық кезеңдерінде барлық мүдделі тұлғалар мүдделерінің әділ арақатынасын қамтамасыз етеді;
- дербес деректерді өңдеу, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректер субъектісінің келісімімен жүзеге асырылады;
- дербес деректерді өңдеу ашық сипатқа ие. Дербес деректер субъектісіне тек оның дербес деректерін өңдеуге қатысты тиісті ақпарат берілуі мүмкін;
- оператор өзі өңдейтін дербес деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, қажет болған жағдайда оларды жаңартады;
- дербес деректерді сақтау дербес деректер субъектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда, дербес деректерді өңдеудің мәлімделген мақсаттары талап ететін мерзімнен асырмай жүзеге асырылады;
- дербес деректерді өңдеу қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің құпиялылығы негізінде жүзеге асырылады;
- tuv-thuringen.kz веб-сайты пайдаланушыларынан келіп түсетін кіріс сауалдарды, логистикалық қызметтердің құнын есептеуге арналған өтінімдерді және кері байланысты өңдеу;
- tuv-thuringen.kz веб-сайтының тұрақты жұмысын, талдамасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2.3. Дербес деректер Компанияда мынадай мақсаттарда өңделеді:
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен Компанияға жүктелген функцияларды, өкілеттіктер мен міндеттерді жүзеге асыру, оның ішінде салық органдарына, Қазақстан Республикасының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ), Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ), сондай-ақ өзге де органдарға дербес деректерді ұсыну;
- Компания қызметкерлерімен еңбек қатынастарын реттеу;
- контрагенттермен шарттар мен өзге де қатынастарды дайындау, жасасу, орындау және тоқтату;
- Компанияның өз қызмет түрлерін жүзеге асыру шеңберіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру;
- жұмысқа кандидаттарды тарту және іріктеу;
- Компанияның іс-шараларды, акцияларды, сауалнамаларды, зерттеулерді өткізуі және олар туралы хабардар ету;
- заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты қажет болған жағдайда өзге де заңды мақсаттарда.
3-ТАРАУ. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІ КОМПАНИЯ ТАРАПЫНАН ӨҢДЕЛЕТІН СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ3.1. Компанияда мынадай санаттағы субъектілердің дербес деректері өңделеді:
- Компания қызметкерлері;
- Компания қызметкерлерінің туыстары;
- бос жұмыс орындарына үміткерлер (кандидаттар);
- Компаниямен азаматтық-құқықтық қатынастарда тұрған жеке тұлғалар;
- Компанияның контрагенттері (клиенттері) болып табылатын жеке тұлғалар;
- контрагент – заңды тұлғалардың қызметкерлері және өзге де өкілдері;
- Компаниямен өзара іс-қимылы дербес деректерді өңдеу қажеттілігін туындататын өзге де субъектілер;
- өтінім қалдырған немесе сайт сервистерін пайдаланатын tuv-thuringen.kz веб-сайтының пайдаланушылары (келушілері).
4-ТАРАУ. КОМПАНИЯДА ӨҢДЕЛЕТІН ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР ТІЗБЕСІ4.1. Компанияда өңделетін дербес деректердің тізбесі осы Саясатта көрсетілген дербес деректерді өңдеу мақсаттары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Компанияның жергілікті құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
4.2. Қызметкерлер туыстарының дербес деректеріне мыналар кіреді:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- туған күні;
- ЖСН;
- азаматтығы;
- төлқұжат деректері немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың деректері;
- тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер;
- нақты тұратын жері туралы мәліметтер;
- медициналық сипаттағы мәліметтер (заңнамада көзделген жағдайларда);
- әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдер туралы мәліметтер;
- байланыс деректері.
4.3. Бос жұмыс орындарына үміткерлердің (кандидаттардың) дербес деректеріне мыналар кіреді:
- тегі, аты, әкесінің аты (сондай-ақ барлық бұрынғы тектері);
- туған күні мен туған жері;
- ЖСН;
- азаматтығы;
- төлқұжат деректері немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың деректері;
- жынысы;
- отбасы жағдайы және отбасы құрамы туралы мәліметтер (отбасы мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты, туған күні, жұмыс және/немесе оқу орны көрсетіле отырып);
- тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер;
- нақты тұратын жері туралы мәліметтер;
- білімі, біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлау, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы деректер;
- еңбек қызметі туралы мәліметтер (еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесін, лауазымы, құрылымдық бөлімшесі, жұмыс беруші туралы мәліметтер және т.б. көрсетілген жұмыспен қамтылу деректерін қоса алғанда);
- мамандығы, кәсібі, біліктілігі;
- әскери есепке алу туралы мәліметтер;
- медициналық сипаттағы мәліметтер (заңнамада көзделген жағдайларда);
- биометриялық дербес деректер (фотосуреттерді, бейнебақылау камераларының бейнелерін, дауыс жазбаларын қоса алғанда);
- әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдер туралы мәліметтер;
- байланыс деректері;
- марапаттар мен көтермелеулер туралы мәліметтер;
- кандидаттың өзі тұлғалық сауалнамаларды толтыру барысында ұсынған мәліметтер; кандидаттың түйіндемесінде немесе сауалнамасында көрсетілуі мүмкін өзге де деректер.
4.4. Контрагент – заңды тұлғалардың қызметкерлері мен өзге өкілдерінің дербес деректеріне мыналар кіреді:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- төлқұжат деректері немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың деректері;
- ЖСН;
- тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер;
- байланыс деректері;
- лауазымы;
- Компания мен контрагент арасындағы өзара құқықтар мен міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де деректер.
4.5. Контрагент – жеке тұлғалардың дербес деректеріне мыналар кіреді:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- азаматтығы;
- ЖСН;
- төлқұжат деректері немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың деректері;
- тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер;
- банк шотының деректемелері;
- байланыс деректері;
- меншік құқығын тіркеу туралы куәліктің деректері;
- Компания мен контрагент арасындағы өзара құқықтар мен міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де деректер.
4.6. Компаниямен азаматтық-құқықтық қатынастарда тұрған жеке тұлғалардың дербес деректеріне мыналар кіреді:
- тегі, аты, әкесінің аты (сондай-ақ барлық бұрынғы тектері);
- туған күні;
- азаматтығы;
- төлқұжат деректері немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың деректері;
- жынысы;
- болатын жері туралы мәліметтер;
- білімі, біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлау, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы деректер;
- банк шотының деректемелері;
- мамандығы, кәсібі, біліктілігі;
- медициналық сипаттағы мәліметтер (заңнамада көзделген жағдайларда);
- биометриялық дербес деректер (фотосуреттерді, бейнебақылау камераларының бейнелерін, дауыс жазбаларын қоса алғанда);
- әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдер туралы мәліметтер;
- байланыс деректері;
- өзара құқықтар мен міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де деректер.
4.7. Нәсілдік немесе ұлттық тиістілікке, саяси көзқарастарға, кәсіптік одақтарға мүшелікке, діни немесе өзге де наным-сенімдерге, денсаулық жағдайына немесе интимдік өмірге, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылуына қатысты арнайы санаттағы дербес деректерді, сондай-ақ генетикалық дербес деректерді өңдеу Компанияда жүзеге асырылмайды.
4.8. tuv-thuringen.kz веб-сайты пайдаланушыларының дербес деректеріне мыналар кіреді:
- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
- байланыс телефон нөмірі;
- электрондық пошта мекенжайы (e-mail);
- өкілі болып табылатын ұйымның атауы және лауазымы;
- өтінім нысанында көрсетілетін сұратылатын бағыт және жүк параметрлері туралы мәліметтер;
- пайдаланушы құрылғысы автоматты түрде беретін техникалық деректер: IP-мекенжай, cookie файлдарының деректері, браузер түрі, операциялық жүйе, сайтқа өткен бастапқы дереккөз.
5-ТАРАУ. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ КОМПАНИЯНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ5.1. Компания дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыру кезінде:
- дербес деректер саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және жергілікті құқықтық актілердің талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті және жеткілікті шараларды қабылдайды;
- дербес деректерді оларға заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, ұсынудан, таратудан, сондай-ақ дербес деректерге қатысты өзге де құқыққа сыйымсыз әрекеттерден қорғау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдайды;
- дербес деректерді өңдеуге ішкі бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғаны тағайындайды;
- Компанияда дербес деректерді өңдеу мен қорғау саясатын және мәселелерін айқындайтын жергілікті құқықтық актілерді шығарады;
- дербес деректерді өңдеуді тікелей жүзеге асыратын Компания қызметкерлерін дербес деректер саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Компанияның жергілікті құқықтық актілерінің ережелерімен, соның ішінде дербес деректерді қорғау талаптарымен таныстыруды жүзеге асырады және аталған қызметкерлерді оқытады;
- осы Саясатты жариялайды немесе оған шектеусіз қолжетімділікті өзге де тәсілмен қамтамасыз етеді;
- белгіленген тәртіппен дербес деректер субъектілеріне немесе олардың өкілдеріне тиісті субъектілерге қатысты дербес деректердің бар екендігі туралы ақпаратты хабарлайды, аталған дербес деректер субъектілері немесе олардың өкілдері жүгінген және (немесе) олардан сауалдар келіп түскен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, осы дербес деректермен танысу мүмкіндігін ұсынады;
- дербес деректер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда дербес деректерді өңдеуді тоқтатады және оларды жояды;
- дербес деректер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-қимылдарды жасайды.
6-ТАРАУ. КОМПАНИЯДА ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ТАЛАПТАРЫ6.1. Дербес деректерді өңдеу, дербес деректер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректер субъектісінің өз дербес деректерін өңдеуге берген келісімімен жүзеге асырылады.
6.2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Компания дербес деректер субъектісінің келісімінсіз дербес деректерді үшінші тұлғаларға ашпайды және таратпайды.
6.3. Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімді жазбаша, электрондық құжат нысанында, дербес деректерге қол жеткізуді басқару сервисі арқылы не келісім алғанын растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен, соның ішінде tuv-thuringen.kz сайтындағы веб-нысандарда тиісті белгі қою (акцепттеу) арқылы береді (қайтарып алады).
6.4. Өңделетін дербес деректерге қол жеткізуге дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырумен тікелей айналысатын Компания қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.
7-ТАРАУ. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРМЕН ЖАСАЛАТЫН ІС-ҚИМЫЛДАР ТІЗБЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ7.1. Компания дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырады, бұл дербес деректерді жинауды, жүйелеуді, сақтауды, өзгертуді, пайдалануды, иесіздендіруді, бұғаттауды, таратуды, ұсынуды және жоюды қамтиды.
7.2. Дербес деректерді өңдеу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
- автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып;
- автоматтандыру құралдарын пайдаланбай, егер бұл ретте белгілі бір өлшемшарттар (тізімдер, деректер базалары, журналдар және т.б.) бойынша дербес деректерді іздеу және (немесе) оларға қол жеткізу қамтамасыз етілсе.
7.3. Шет мемлекеттің аумағында дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғаудың тиісті деңгейі қамтамасыз етілмесе, мынадай жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді трансшекаралық беруге тыйым салынады:
- субъектінің немесе оның заңды өкілінің өз дербес деректерін трансшекаралық беруге келісімі болғанда;
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;
- конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажет болса, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда;
- адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, егер субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алу мүмкін болмаса.
7.4. Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректерін жинақтау мен сақтауды Компания физикалық тұрғыдан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлер мен материалдық жеткізгіштердегі деректер базасында жүзеге асырады.
8-ТАРАУ. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ8.1. Дербес деректер субъектілерінің мыналарға құқығы бар: операторда, сондай-ақ үшінші тұлғада өз дербес деректерінің бар екенін білуге, сондай-ақ мыналарды қамтитын ақпаратты алуға:
- дербес деректерді жинау және өңдеу фактісін, мақсатын, көздерін, тәсілдерін растауды;
- дербес деректердің тізбесін;
- дербес деректерді өңдеу мерзімдерін, оның ішінде оларды сақтау мерзімдерін;
- тиісті құжаттармен расталған негіздер болған кезде оператордан өз дербес деректерін өзгертуді және толықтыруды талап етуге;
- дербес деректерді жинау, өңдеу талаптарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда, оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан өз дербес деректерін бұғаттауды талап етуге;
- жиналуы мен өңделуі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген өз дербес деректерін, сондай-ақ Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда, оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан оларды жоюды талап етуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуға;
- жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер көздерінде өз дербес деректерін таратуға операторға келісім беруге (бас тартуға);
- өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, соның ішінде моральдық және материалдық зиянды өтетуге;
- Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
8.2. Дербес деректер субъектісі міндетті:
- операторға дұрыс әрі шынайы дербес деректерді ұсынуға;
- өз дербес деректерінің өзгерістері мен толықтырулары туралы операторға уақтылы хабарлауға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға.
9-ТАРАУ. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ КЕЗІНДЕ ОПЕРАТОРДЫҢ МІНДЕТТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН КОМПАНИЯ ҚАБЫЛДАЙТЫН ШАРАЛАР9.1. Дербес деректер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті және жеткілікті шаралар мыналарды қамтиды:
- дербес деректер субъектілерінен олардың дербес деректерін өңдеуге келісім алғанға дейін оларға қажетті ақпаратты беру;
- дербес деректер субъектілеріне олардың дербес деректерді өңдеуге байланысты құқықтарын түсіндіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректер субъектілерінің өз дербес деректерін өңдеуге жазбаша келісімін алу;
- дербес деректерді өңдеуге ішкі бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлғаны тағайындау;
- Компанияның дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатын айқындайтын құжаттарды шығару;
- дербес деректерді өңдеуді тікелей жүзеге асыратын қызметкерлерді дербес деректер туралы заңнаманың ережелерімен таныстыру;
- дербес деректерге, соның ішінде ақпараттық ресурста өңделетін деректерге қол жеткізу тәртібін белгілеу;
- дербес деректерді техникалық қорғауды жүзеге асыру;
- дербес деректерді өңдеу басталғанға дейін, оны өңдеуге қатысты саясатты айқындайтын құжаттарға, оның ішінде жаһандық Интернет компьютерлік желісін пайдалана отырып, шектеусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- өңдеуге негіздер болмаған кезде дербес деректерді өңдеуді тоқтату;
- анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді өзгертуді, бұғаттауды, жоюды жүзеге асыру;
- дербес деректерді өңдеуді нақты, алдын ала мәлімделген заңды мақсаттарға қол жеткізумен шектеу;
- дербес деректерді сақтауды дербес деректер субъектілерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда, дербес деректерді өңдеудің мәлімделген мақсаттары талап ететін мерзімнен асырмай жүзеге асыру.
9.2. Дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде оларды өңдеу кезінде дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары Компанияның оларды өңдеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін жергілікті құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
10-ТАРАУ. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ10.1. Дербес деректер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Компанияның жергілікті құқықтық актілерінің, соның ішінде дербес деректерді қорғау талаптарының сақталуын бақылау дербес деректерді өңдеудің Қазақстан Республикасының заңнамасына және дербес деректер саласындағы жергілікті құқықтық актілерге, соның ішінде дербес деректерді қорғау талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың алдын алуға және оны анықтауға, дербес деректердің ықтимал жылыстау арналары мен оларға рұқсатсыз қол жеткізуді анықтауға, осындай бұзушылықтардың салдарын жоюға бағытталған қабылданған шараларды тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
10.2. Дербес деректер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен жергілікті құқықтық актілердің, соның ішінде дербес деректерді қорғау талаптарының сақталуын ішкі бақылауды Компанияда дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлға жүзеге асырады.
11-ТАРАУ. ОПЕРАТОРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ- Ұйым атауы: «TUV Thuringen Kazakhstan» ЖШС
- БСН: 230540020504
- Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық к-сі, 20
- Дербес деректер бойынша сұраулар мен келісімді қайтарып алуға арналған электрондық пошта (E-mail): info@tuv-thuringen.kz
- Телефон: +7 700 434 98 88